Жеке парағыЗӘКИЕВА Динара Болатқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі 22.12.1982 жылы туған, қазақ, тұрмыста, 4 бала тәрбилеуде.
Шет тілдерін білуі: ағылшын – еркін, француз, қытай - сөздікпен.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- Тіл және мәдениет институты, Пекин, Қытай (2001);
- Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы, «Халықаралық құқық», бакалавр (2002 ж.);
- Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы, Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы, «Халықаралық құқық», бакалавр (2004 ж.);
- MBA Hult international business school, Дубай қаласы, Біріккен Араб Әмірліктері, МВА шебері (2013 ж.).
Еңбек өтілі:
- «ТопЮрАудит» ЖШС бас директорының орынбасары, Астана (2004-2005жж.);
- Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бас маманы, ҚР Индустрия және сауда министрлігі, Астана қ. (ақпан - тамыз 2005 ж.);
- «Antarex» ЖШС негізін қалаушы, «Rafe» мейрамханалар желісі, Астана қ. (ақпан 2006 ж.);
- Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының сарапшысы, ҚР Президентінің Әкімшілігі, Астана қ. (2007-2013 жж.);
- «Қасиетті Жол» қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы (2011 ж.);
- Партия Төрағасының Бірінші орынбасары хатшылығы басшысының орынбасары - «Nur Otan» партиясының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі, «Nur Otan» партиясы, Астана қ. (2013-2015 жж.);
- Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» КММ директоры (2017-2019ж.);
- «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы (2019 ж.);
- Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының басшысы (2019 ж.).
Сайланбалы қызметтері, депутаттық:
«Nur Otan» партиясы Қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат (04.12.2020), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты (15.01.2021 бастап).
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары: