Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
НҰРЫМОВА Гүлдара Алданышқызы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1965 жылы 25 қантарда Қызылорда облысында дүниеге келген.

Білімі – жоғары, медицина ғылымдарының кандидаты.

1982-1988 жж. – Қарағанды мемлекеттік медицина институті, «Емдеу ісі» мамандығы

2004-2006 – «Әулие-Ата» университеті, экономист.

2010 - кандидаттық диссертация қорғау.

Жұмыс тәжірибесі

1988 ж. - Тараз қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасының интерн дәрігері, терапевт дәрігері

1993 - Тараз қаласындағы Теміржол ауруханасының терапевт дәрігері, бас дәрігерінің орынбасары

1999-2020 ж. – «Мейірім» медициналық орталығының директоры, Тараз қаласы, компаниялар тобының құрылтайшысы.

2021 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша VII шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Еңбек жолын бастаған кезден бастап Тараз қаласы мен Жамбыл облысының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, өңірдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.

2007 жылы Тараз қалалық мәслихатының депутаты, 2012 жылдан 2020 жылға дейін Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.

1999 жылы денсаулық сақтауды реформалау кезеңінде Г.А. Нұрымова алғашқылардың бірі болып "Мейірім" жеке медициналық орталығын ашып, басқарды. Бастапқыда бұл тіркелген 30 мың тұрғыны бар отбасылық-дәрігерлік амбулатория болатын. Оның сарқылмас шығармашылық қуатының, ерекше ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында медициналық орталық біртіндеп облыстың жетекші емдеу мекемелерінің біріне айналды.

Бүгінгі күні оған тіркелген 50 мың адамға қызмет көрсететін емхана, 75 төсектік көп бейінді стационар, диагностикалық орталық, томография орталығы және санаторий кіреді.

Медициналық орталығы Сапа менеджментінің 3 халықаралық СТРК ИСО 9001-2016, 14001-2016, OHSAS 18001 сертификаттарына ие мекеме болып табылады.

2010 жылы медициналық орталық өз қаражаты есебінен облыстағы алғашқы магнитті-резонансты томограф сатып алды және орнатты, бұл Жамбыл облысының тұрғындарына өз облыстарынан тыс жерлерге шықпай-ақ анағұрлым сапалы диагностика мен ем алуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда медициналық орталық ЭКГ аппаратынан бастап ультрадыбыстық хирургия аппаратына, мембраналық плазмаферезге, цифрлық рентген мен маммографқа, үш магнитті-резонансты және үш компьютерлік томографқа дейінгі ең жаңа заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған.

2016 жылы өз қаражаты есебінен ауылдық жерлерде 350 орындық балабақша және 150 балаға арналған Бастауыш мектеп-гимназия салынып, ашылды. Онда балалардың толыққанды дамуы мен сауығуы үшін барлық жағдай жасалған. Балабақшада 100-ден астам жұмыссыз ауыл тұрғындары тұрақты жұмысқа орналасты.

Тараз және Павлодар қалаларында доктор Бубновскийдің екі медициналық орталығы ашылды.

Пандемия кезінде өз қаражаты есебінен ауыл тұрғындары үшін сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Жамбыл облысының үш ауданында: Меркі, Қордай және Талас аудандарында КТ 80 қимасының компьютерлік томографтары орнатылды.

2020 жылы Меркі ауданының ауылдық жерлерінде стационар, ОДА, санаторий және диагностикалық орталық ашылды, онда заманауи жаңа аппараттар – МРТ 1,5 Тс магниттік-резонанстық томограф, КТ 80 кесінді компьютерлік томограф, цифрлық рентген, УДЗ орнатылған.

Жалпы 750-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылды.

Қызметінде қайырымдылық маңызды орын алады.

Г. А. Нұрымова бірнеше рет біліктілігін арттырды. "Медициналық қызметтер саласындағы іскерлік тағылымдама – ауруханаларды басқару және денсаулық сақтаудағы менеджмент" САБИТ бағдарламасы шеңберінде АҚШ-да іскерлік тағылымдаманың қатысушысы болды. Қазақстанда және әлемнің түрлі елдерінде: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Үндістан, Испания, ҚХР, Марокко, БАӘ, Франция, Жапонияда өткен Іскерлік тағылымдамаларға, форумдарға, конференцияларға, Конгрестерге қатысты. 2018 жылы Сингапур мен Роттердамда Роббинстің 2 бизнес-тренингіне, менторлық бойынша тренингтерге қатысты.

Марапаттары:

- Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы (2006),

- «Құрмет» ордені (2019),

- «Ерен еңбегі үшін» медалі (2013),

- «Халық алғысы» коронавируспен күреске қосқан үлесі үшін (2020),

- Жамбыл облысы Әкіміңің құрмет грамотасы (2004, 2007, 2011),

- "Жоғары азаматтық" номинациясы бойынша "Қазақстан патриоты" құрмет белгісі» (2012),

- Тараз қаласының құрметті азаматы (2015),

- «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2006),

- "Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты"

- «Тіл жанашыры» құрмет белгісі,

- «Белсенді қызметі үшін» «Nur Otan» партиясының марапаты,

- 7 мерейтойлық медальдар: «10 жыл Астана» (2007), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» «(2011 ж.), «Қазақстан халық Ассамблеясына 20 жыл» (2015 ж.), «Қазақстан Республикасы Конститукцияна 20 жыл» (2015 ж.) және т.б.,

- «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі (2018),

- Сапа саласындағы жоғары жетістіктері үшін САПА дипломы және сапа белгісі,

- ҚР Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының Құрмет грамотасы,

- «Мінсіз» халықтық сапа белгісі (2009),

- «2013 Сала көшбасшысы» халықаралық сыйлығы

- «2007 жылдың үздік әйел-кәсіпкері» номинациясы бойынша республикалық конкурс жеңімпазының дипломы,

- «2011 жылғы VII Қысқы Азия ойындарының Алау эстафетасын алып жүруші»,

- «ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Құрмет грамотасы»,

- Бірқатар құрмет грамоталары мен алғыс хаттар.

Тұрмыста, екі ұлы бар.


Жеке парағы