Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
ПАВЛОВЕЦ Лариса Павловна
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1967 жылы 22 мамырда Торғай облысы, Державин ауданы, Донской совхозында дүниеге келген.

1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірді.

1990-1991 жылдары Целиноград қаласының № 1 біріккен қалалық балалар ауруханасы базасында «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

2018 жылы Латвия, Рига қаласы, ISMA университетінде «Кәсіпкерлік қызметті басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

Еңбек жолын 1991 жылы Целиноград қаласының № 1 қалалық балалар ауруханасының шала туған нәрестелерге күтім жасау бөлімшесінде дәрігер ординатор болып бастады.

1991-1993 ж.ж. – Целиноград қаласының № 1 қалалық балалар ауруханасының шала туған нәрестелерге күтім жасау бөлімшесінде ординатор дәрігері.

1994-2005 ж.ж. – Ақмола қаласы № 1 қалалық балалар ауруханасының неонаталдық реанимация бөлімшесінің дәрігері.

16.04.2005-16.05.2005 ж. – Астана қаласы № 1 қалалық балалар ауруханасының неонаталдық реанимация бөлімінің меңгерушісі.

17.05.2005-23.02.2012ж. – Астана қаласы №1 қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары.

24.02.2012-13.01.2021ж. – Нұр-Сұлтан қаласының № 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры.

14.01.2021 – қазіргі уақытта – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Қоғамдық лауазымдар

2001-2009 жылдары – Ақмола қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Кеуде сүтімен емізу мәселелері жөніндегі халықаралық үйлестірушісі.

2008-2011 жылдары – Астана қаласының медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің тәуелсіз сарапшысы.

2011-2012 жылдары – Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс ноенатологы.

Марапаттары

«Медицина саласындағы еңбегі үшін» орденімен, «Шапағат», «Қазақстан медицинасының қолжазбасы», «Белсенді қызметі үшін» медальдарымен, «Денсаулық сақтау үздігі», «Қазақстан медицинасындағы қолтаңбасы үшін» наградалық белгілерімен, «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен, ведомстволық наградаларымен марапатталған.

Тұрмыста, ұлы бар.


Жеке парағы