Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
САРЫМ Айдос Әміроллаұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Хатшысы
1975 жылы Алматы қаласында туған.

Білімі:

Жоғары, 1997 жылы – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

– Қазақстан Республикасының Архивтер және құжаттама бас басқармасының бас инспекторы, кеңесші;

– Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері;

– Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде маман, бас маман, Ішкі саясат департаментінің бөлім меңгерушісі, БАҚ департаменті директорының орынбасары;

– Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің директоры;

– Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі;

– «Ақ жол» партиясының баспасөз хатшысы, кеңесші;

– «Нағыз Ақ жол» партиясы теңтөрағасының кеңесшісі;

– «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары;

– Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының басшысы;

– Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана директорының кеңесшісі;

– Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министірінің штаттан тыс кеңесшісі;

– Қазақстандық саяси зерттеулер қауымдастығының вице-президенті.

2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін – VІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2023 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – VІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Марапаттары:

«Құрмет» ордені (2022г.); «Ерең еңбегі үшін» медалі (2020 ж.); Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі; «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалі (2020ж.); «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі (2020 ж.); «Астана 20 жыл» мерекелік медалі (2018ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016ж.).


Жеке парағы