Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
СҮЛЕЙМЕНОВА Жұлдыз Досбергенқызы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1983 жылы 25 тамызда дүниеге келген. Қазақ, білімі жоғары, доктор PhD.

Білімі:

- Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, бакалавриат (2000-2004жж), «Тарих» факультеті.

- Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, магистратура (2006-2008жж), «Философия және саясаттану» факультеті.

- Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, PhD докторантура (2008-2011жж), «Философия және саясаттану» факультеті.

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

-«6D020400- Мәдениеттану» бойынша PhD доктор (11.05.2012ж), 45 ғылыми мақала, жарияланым авторы.

Еңбек өтілі (қызметі)

2000-2004 жж. – Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті студенттік өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы.

2004-2006 жж. – Алматы экономика жəне статистика академиясы Ақтөбе институтының әлеуметтік-гуманитарлық пəндер кафедрасының оқытушысы, жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы.

2006-2007 жж. – Ақтөбе облысы «Отан» РХП филиалының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі, «Нұр-Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты Республикалық Кеңесінің Төрағасының орынбасары.

2007-2008 жж. – Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназияның тарих жəне құқық пəндерінің мұғалімі.

2010-2011 жж. – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу-тəрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары, Жастар əкімшілігінің төрайымы.

2011 ж. – Халықаралық бизнес академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы.

2011-2012 жж. – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғалым хатшысы.

2012-2014 жж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның білім беру саясаты жəне бағдарламалар Департаментінің аға менеджері.

2014-2017 жж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Білім беру саясаты және бағдарламалар Департаменті директорының орынбасары.

2017-2019 жж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту Департаментінің директоры.

2019-2021 жж. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

филиалының директоры.

2021 жылғы 14 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, «AMANAT» партиясының тізімі негізінде сайланған, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Nur-Otan» партиясы Фракциясының мүшесі.

Марапаттары және атақтары:

2006 ж – Қазақстан Республикасы Жастар Конгресінің «Жастар» сыйлығының иегері.

2015 ж – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дамуына айтарлықтай үлес қосқаны үшін Басқарма төрайымының алғыс хаты.

2015 ж – Қазақстан Республикасы Білім жəне Ғылым Министрінің Құрмет грамотасы.

2019 ж – Қазақстан Республикасы Білім жəне Ғылым Министрлігінің Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2021)

Тұрмыста, бір баланың анасы.


Жеке парағы