Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
ТӘЖМАҒАМБЕТОВА Мақпал Мазаққызы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1983 жылы 26 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. Білімі жоғары.

2017 жылы Орталық Азия университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін бітірді.

Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі, ақын. «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.

09.2004 – 07.2010 - «Қапшағай» газетінің журналисті

12.2011 – 01.2013 - «Книжник» ЖШС редакторы

03.2014 – 01.2021 - «Өлке тынысы» ЖШС «Жетісу» газетінің журналисті

2021 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған, Әлеуметтік - мәдени даму комитетінің мүшесі.

Республикалық М. Мақатаев, І. Жансүгіров атындағы мүшәйраларының бірінші орын жүлдегері.

Қобызшы Молықбай, Майра Уәлиқызы, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы әдеби сыйлықтарының иегері.

Ресей Жазушылар одағының Балкар ақыны Керим Отаров атындағы алтын медалінің иегері.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы қорының «Алтын тобылғы» байқауының бас жүлдегері.

«Алақандағы бақыт», «Мен керекпін», «Аспантаудың көктемі», «Шоған абыз», «Ақ қанатты періште» атты жыр жинақтарының авторы.


Жеке парағы