Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
ПАНЧЕНКО Игорь Иванович
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі
1961 жылы 7 маусымда ШҚО, Лениногор қаласында дүниеге келген. Алматы қаласы Қазақ политехникалық институтының "Тау-кен өндірісін автоматтандыру және механикаландыру" факультетін, 2007 жылы Халықаралық бизнес академиясын бітірген.

1978-1997 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Лениногор қаласы Лениногор полиметал комбинатының мырыш зауыты электр монтерінің оқушысы, жылу цехының электр монтері, механигі.

1997-2005 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Лениногор қаласы "Қазмырыш" ААҚ мырыш зауыты жылу күш цехының бастығы.

2005-2007 жылдары "Қазмырыш" АҚ мырыш зауыты энергетикалық жабдықтарды жөндеу және жабдықтау цехы, энергетикалық жабдықтарға қызмет көрсету бөлімшесінің бастығы.

2007-2007 ж. "Қазмырыш" АҚ, мырыш зауыты энергетикалық цех бастығының орынбасары.

2007-2008 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Пригородный ауылдық округінің әкімі "Риддер қаласы әкімінің аппараты" ММ.

2008-2009 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы әкімінің орынбасары.

2009-2011 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы "Казцинк" ЖШС еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инспекторы, Риддер металлургиялық кешені.

2011-2012 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, "Казцинк" ЖШС, Риддер металлургиялық кешені бас техникалық жетекшінің еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және экология жөніндегі орынбасары.

2012-2016 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы бесінші шақырылым Риддер қалалық мәслихатының хатшысы.

2016-2020 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, алтыншы шақырылым Риддер қалалық мәслихатының хатшысы.

2021 жылғы қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жетінші шақырылым депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

Үйленген, төрт баласы бар


Жеке парағы