Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
РАЗЗАҚ Нәзилә Раззақбайқызы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі
1976 жылы 29 шілдеде туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын бітірген. Заңгер, экономист, мұнай-газ ісі саласындағы бакалавр. Заң ғылымдарының докторы.

1993-1996 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрінің заңгер-кеңесшісі.

1996-1999 жж. Жамбыл облыстық соты алқасының кеңесшісі.

2000-2003 жж. Алматы қаласы әкімдігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы.

2003-2007 жж. Атырау қаласы №2 сотының судьясы.

2007-2011 жж. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.

2011-2014 жж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қолдау департаментінің бөлім меңгерушісі.

2014-2017 жж. Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы.

2017-2020 жж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының проректоры.

01.2020-11.2020 жж. «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі.

2021 жылғы 14 қаңтардан бастап VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған.

Тұрмыста, қызы бар.


Жеке парағы