Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
ТЕЛПЕКБАЕВА Жанна Тілеубекқызы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі
Телпекбаева Жанна Тілеубекқызы, 1972 жылы 10 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.

Ұлты - қазақ.

1989 жылы Алматы облысының Іле ауданындағы Чапаево ауылында N10 орта мектепті бітірген.

1995 жылы Қазақ энергетика институтын «Автоматты электр байланысы» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1995 жылы Алматы заң колледжінде информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2002 жылы Ж.Телпекбаева Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында «Прогресс» жекеменшік политехникалық колледжін құрды. Аталған колледж құрылғаннан бастап 2021 жылдың қаңтарына дейін колледждің директоры қызметін атқарды.

2013 жылдан бастап Алматы облысындағы «Инновациялық экономика» бағыты бойынша партиялық куратор, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің мүшесі.

2019 жылдан бастап «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесті басқарды.

2011 жылдан 2021 жылға дейін - V, VI сайланған Алматы облыстық мәслихатының депутаты.

2021 жылдың қаңтарынан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2019 жылы «Іле ауданының құрметті азаматы» атағына ие болды.

«Қазақстан Республикасыеың тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығына 20 жыл», «Қазақстан патириоты» медальдарымен марапатталған.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтан Алғыс хат алған.

Тұрмыста. Екі ұлы бар.

«AMANAT» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.


Жеке парағы