Жеке парағыНҰР Қанат Ілияұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі 1967 жылы 25 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1992 жыл – Әл-Фараби атындағы ҚазМУ. Тарих.
1994 жыл – Вашингтон Халықаралық Құқық институты. Келісімшарт құқығы.
1996 жыл – Маастрихт Менеджмент мектебі, Нидерланды, MSM.
2013 жыл – Ресей Федерациясының Президенті жанындағы РХШ және МБА. Іскерлік әкімшілдендіру докторы.
Еңбек жолы:
1991 – 1992 жылдары – Алматы менеджерлер мектебі жанындағы Алматы жас менеджерлер мектебінің директоры;
1992 – 1993 жылдары – Алматы басқару мектебінің директоры;
1993 жылы – Қазақстан Республикасы экономика министрлігі жанындағы кәсіпкерлерді қолдау қорының экономикалық кенесшісі;
1993 – 1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы «Агро» Қазақстан фермерлер ассоциациясының бас директорының орынбасары;
1995 – 1997 жылдары – «Делойт және Туш Казақстан» халықаралық аудиторлық компаниясының басқару жөніндегі аға консультанты;
1997 – 1998 жылдары ГПТ «Алтеба» қаржылық директоры (Алматытелеком);
1998 – 2000 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ қаржылық бас директорының орынбасары ;
2006 – 2007 жылдары – «Казкоммерцбанк» АҚ басқару директоры;
2008 – 2021 жылдары – «Aspandau» ғылыми-білім беру қорының, «Aspandau Academy» Алматы жоғары басқару мектебінің президенті;
15.01.2021 жылдан бастап қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты.
Тілдерді білуі: қазақ, орыс, ағылшын.
Марапаттары: «Құрметті байланысшы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Казахтелекому 20 лет», «Ерен еңбегі үшін».