Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
САИРОВ Ерлан Бияхметұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
Соңғы лауазымы: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Туған күні: 25.06.1970 ж

Туған жері: ҚазССР; Шығыс Қазақстан облысы

Отбасылық жағдайы, отбасылық байланыстар:

• Әйелі

• Балалары:3

Тілдер:

• қазақ, орыс

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

• А.Аманжолова атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Тарихшы» мамандығы

• Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, «Мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандығы

Еңбек өтілі:

• Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаментінің директоры (2000-2003);

• «Қазинжиринг» АҚ атқарушы директоры (2003-2005);

• Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі (2005-2008);

• Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Қоғамдық саяси жұмыс департаментінің директоры (2008-2012);

• «Ұлт TIMES» республикалық апталық қоғамдық-саяси газетінің редакциялық кеңесінің төрағасы (2012-2013);

• «Мәдениетті дамыту институты» қоғамдық қорының ғылыми жетекшісі (2013-2015);

• ҚР Кәсіподақтар Федерациясы Төрағасының кеңесшісі (2017);

• ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары (12.2017-2018);

• Еуразиялық интеграция институтының директоры (2019-01.2021)

Басқа лауазымдар:

•Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (2018 бастап)

• Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі (17.07.2019 бастап)

Сайланған лауазымдар, депутаттық жұмыс:

• «AMANAT» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат (04.12.2020), жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (14.01.2021 ж.)


Жеке парағы