Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
ТАЙЖАНОВ Ерлік Серікбайұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
Тайжанов Ерлік Серікбайұлы 1960 жылы 30 мамырда Қазақ КСР Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданы (қазіргі Жамбыл) Есперлі ауылында дүниеге келген.

1977-1979 жылдары СҚО, Жамбыл ауданы, «Благовещенский» бөлімшесінде механизатор болған.

1984 жылы - КСРО Ішкі істер министрлігі Қарағанды жоғары мектебінің тергеу-криминалистика факультетін "тергеуші-криминалист" мамандығын бітірді. Заңгер. КСРО МҚК-ның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша жедел және басшы құрамды даярлау жөніндегі Жоғары курстарын тыңдады (Алматы, Киев,Мәскеу қ.).

Қоян-қолтық ұрыс бойынша КСРО спорт шеберіне кандидат, қоян-қолтық ұрыс бойынша нұсқаушы. Каратэ-до бойынша 5-ші дан қара белбеу иесі. Дипломатиялық дәрежесі - атташе. Заң ғылымдарының кандидаты. Әскери атағы - генерал-майор.

1984-1993 жылдары - Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті басқармасының кіші жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, аға тергеушісі, тергеу тобының бастығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы, Сыбайлас жемқорлыққа және контрабандаға қарсы күрес бөлімінің бастығы;

1993-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жеке құрам бойынша инспекция бастығы, ұйымдастыру штаттан тыс бөлімінің бастығы, Кадрлар басқармасы бастығының орынбасары;

1997-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары, терроризмге қарсы күрес қызметінің бастығы;

02.2000-12.2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы;

12.2001-03.2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бастығы;

03.2009-03.2010 жылдары - БТА банкінің Басқарма төрағасының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары;

05.2013-09.2015 жылдары - Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің кеңесшісі- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі;

12.02.2016-01.2021 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастығы;

04.12.2020 ж. - "Nur Otan" Партиясы» қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер;

14.01.2021 жылдан бастап – VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, партиялық тізім бойынша сайланды.

Басқа лауазымдары:

Солтүстік Қазақстан облысы карате федерациясының құрметті президенті (2001 жылдан); - «Каратэ-до шито-рю Федерациясының Президенті, Астана қ.» (2009 жылдан бастап); - «Каратэ-до шито-рю Федерациясының ҚР Құрметті Президенті, Алматы қ.» (2010 жылдан бастап);

- Маңғыстау облысының каратэ-до федерациясының құрметті президенті (2016 жылдан бастап);

-«Каратэ-до шито-рю федерациясы» ҚБ Президенті, Нұр-Сұлтан қ. 2020 ж. маусым.

-«Қазақстан Республикасының Шито-Рю Каратэ-до федерациясы» ҚБ Президенті, 15 қараша,2021 жыл.

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

Ордендер: ІІ дәрежелі «Даңқ (ҚР Президентінің 05.12.2016 Жарлығымен), 1986-1987 жылдары КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жедел-тергеу тобының құрамында Ауғанстаннан РФ және Балтық теңіз жағалауы есірткі контрабандасы фактісі бойынша ауыр қылмыстық істі тергеуге белсене қатысқаны үшін (28.05.2010);

33 медаль, оның ішінде: КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001), "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" (2005), ҚР "Барлауға" 10 жыл, ҚР "Арыстанға" 15 жыл, ҚР полициясына 25 жыл, ІІМ мінсіз қызметі үшін, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" (2016), "ҰҚК-ге 25 жыл" (2016) 2017), шекараны күзетудегі белсенділігі үшін, "Қызылорда қаласына 200 жыл", "Ақтау қаласына 55 жыл" медалі, Қазақстан Республикасы каратэ-до федерациясының мерейтойлық медалі (2013), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл»(2020).

ҚР ҰҚК, Мемлекеттік қауіпсіздік және ФҚҚ ардагері, ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының (ҰҚО) «Ардагері», 1-2 дәрежелі Шекара қызметінің үздігі, 1 дәрежелі ҚР ҰҚО қорғаушысы, 1 сыныпты ҚР ҰҚО шебер-тәлімгері;

КСРО МҚК төрағасының Құрмет грамотасы (1990), Қазақстан Сыртқы істер министрінің Құрмет грамотасы (2015);

Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Құрметті қызметкері.

Әскери қызмет, әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер:

Генерал-майор (05.2004)

Отбасылық жағдайы, туыстық байланыстары:

Үйленген, үш бала-немерелерді тәрбиелеп отыр.


Жеке парағы