Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
ЕРУБАЕВ Серік Сәрсенұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы фракциясының мүшесі.

1968 жылы Атырау облысы Атырау (Гурьев) қаласында туған.

Білімі: жоғары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті.

Еңбек жолын 1991 жылы Қазақстан жүргізушілер одағының Гурьев облыстық кеңесінде жүргізушілерді оқыту жөніндегі шебері ретінде бастаған.

1993-2006 жылдары – "Атырау Констракшн Сервисез Лтд" ЖШС-нің Бас директоры.

2006-2008 жылдары - Атырау қалалық мәслихатының III және IV шақырылымдарының хатшысы.

2008-2021 жылдары - "Атырау Констракшн Сервисез ЛТД" ЖШС Бас директоры.

2021 жылғы 15 қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты.

Марапаттары:

"10 жыл Астана" (2008ж.), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 25 жыл" (2019ж.), Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін "Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл" (2015ж.), "Әскери-теңіз флотының ардагері" Мәскеу, Тынық мұхит флоты (2016ж.), "Атырау облысы мәслихаттарына 25 жыл" (2020ж.) мерейтойлық медальдармен марапатталған.

2003-2016 жылдары III, IV, V сайланған Атырау қалалық мәслихатының депутаты, хатшысы.

2007-2015 жылдары - Атырау облыстық таеквондо федерациясының президенті.

2010-2015 жылдары-Қазақстан таэквондо федерациясының вице-президенті.

Үйленген, төрт баласы және немересі бар.


Жеке парағы