Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ЖАҢБЫРШИН Еділ Терекбайұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің Төрағасы
1966 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Таушық ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1990 жылы Алматы энергетикалық институтын «Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша үздік бітірді. «Геоэкология» мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы, доцент, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академик кеңесшісі.

2019 жылы Москва қаласының Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей академиясын «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» бағыты бойынша («Қоғамдық байланыс және медиасаясат» бағдарламасы) магистратураны үздік бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы энергетика институтында «Жылуэнергетикалық қондырғылар» кафедрасының ассистент болып бастаған.

1992 - 1993 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім министрілігінің жоғары білім бас басқармасының жетекші маманы.

1993 - 1995 жылдары – Ақтау политехникалық институтында аға оқытушы, доцент, ғылыми хатшы.

1995-1999 жылдары – Ш. Есенов атындағы Ақтау университетінің мұнай-химия факультетінің деканы.

1999-2000 жылдыры – Орталық-Азия университеті Ақтау филиалы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

2000-2007 жылдары – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Ақтау филиалының директоры.

2006-2008 жылдары – «Маңғыстау облыстық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ төрағасы.

2007-2008 жылдары – «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2008-2011 жылдары – «Азия Техно Сервис» ЖШС директоры.

2011-2012 жылдары – Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы.

2012 - 2015 жылдары – Ақтау қаласының әкімі.

2015 - 2021 жылдың қаңтар айына дейін «Азия Техно Сервис» ЖШС-нің кеңесшісі, инновация бойынша директордың орынбасары.

2021 жылдың қаңтарынан бастап - жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі.

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2-ші (1999 – 2003 жж.) және 4-ші (2007 – 2012 жж.) шақырылымдарының депутаты.

2020 жылдан Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік палатаның Өңірлік Кеңесінің төрағасы, "Атамекен" ҰҚП президиумының мүшесі.

Қазақстан Республикасында өнертабысқа берілетін 3 патенттің, 3 алдын ала патенттің және 90 астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік публицистикалық жұмыстардың авторы.

Өзінің еңбек қызметінде қол жеткізген нәтижелері үшін, «Құрмет» орденімен (2020 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «10 жыл Астана» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.) мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хаттарымен (2005 ж., 2007 ж., 2021 ж.) және басқа да медальдармен, төс белгілермен марапатталған.

Отбасылы, үш қыз баласы бар.


Жеке парағы