Жеке парағыНАҚПАЕВ Сәлімжан Жұмашұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің Хатшысы Сәлімжан Жұмашұлы Нақпаев 1966 жылы 3 наурызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Миялы селосында дүниеге келген.
1973-1983 жылдары орта мектепте оқып, аяқтаған соң «Саратовтрансгаз» өндірістік бірлестігіне қарасты Мақат линиялық-өндірістік басқармасында технологиялық компрессорлардың машинисті болып жұмыс істеді.
1984-1986 жылдары Совет Армиясы қатарында Венгрия елінде интернационалдық қызметте болды.
1986-1991 жылдары Алматы Халық шаруашылығы институтын бітірген, мамандығы - экономист.
2001-2004 жж. Атырау мұнай және газ институтын «тау-кен инженері» мамандығы бойынша аяқтаған.
1986-1989 жылдары Мақат линиялық-өндірістік басқармасында технологиялық компрессордың машинисті болып жұмыс істеді.
1989-1992 жылдары Мақат аудандық атқару комитетінің экономика комитетінің маманы, аға экономисті болып қызмет еткен.
1992-1995 жылдары "Мақсат" шағын кәсіпорының төрағасы.
1995-2000 жылдары Мақат ауданының әкімінің экономика жөніндегі орынбасары.
2000-2003 жылдары Атырау облысы Мақат ауданының әкімі.
2003 -2005 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы.
2005 – 2006 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі.
2006 ж. ақпан - қазан Атырау облысы әкімінің орынбасары.
2006 - 2009 жылдары Атырау қаласының әкімі.
2009 ж. желтоқсаны - 2010 жылдың 17 маусымы - Атырау облысы әкімінің орынбасары.
2010 ж. маусым - 2012 ж. наурызы аралығында - «Аджип ККО» компаниясының жергілікті органдармен байланыс жөніндегі менеджері.
2013 – 2017 жылдары Атырау облысы әкімінің орынбасары.
2017-2021 жылдары «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасының әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары.
2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Наградалары:
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі;
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі;
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі;
«Астана 20 жыл» медалі;
«Құрмет» ордені.
Отбасылық жағдайы –үйленген. Ұлы және немересі бар.