Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ТАШҚАРАЕВ Ғани Әбдіғаниұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2008 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық Шаруашылығы Академиясын MBA бағдарламасы бойынша бітірген.

2009 ж. - DBA бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірді.

Еңбек жолын 1988 жылы Шымкент қаласы «Тауба» МП директорының орынбасары болып бастаған.

1992-1993 жж. - Шымкент қаласы «Тауба» МП директоры.

1993-1994 жж. - Шымкент қаласы «Оңтүстік» АПССК инженері.

1994-2018 жж. - Шымкент қаласы «Мұнай Инвестмент Груп» АҚ Басқарма төрағасы.

2007 жылдан бастап қалалық мәслихаттың IV, V, VI сайланым депутаты.

2018-2021 жж. - Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы.

2021 жылғы 14 қаңтардан бастап VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

«Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» (2019), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» (2020) мерекелік медальдарымен, «Қайырымдылығы үшін «САУАП» (2010), «Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» (2010) медальдарымен (2011), сонымен қатар «Төлеби ауданының кәсіпкерлікті дамытудағы еңбегі үшін» (2015), «Шымкент қаласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісі (2016), «Ресей СІМ-нің өзара іс-қимылы үшін» белгісімен (2017). марапатталған

Үйленген, қызы және 3 ұлы бар.


Жеке парағы