Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
ТҰРҒАНОВ Дүйсенбай Нұрбайұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
1959 жылы 8 наурызда Гурьев облысында дүниеге келген. Жесір.

1981 жылы - Алматы энергетикалық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша, 1991 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық қаржы-экономикалық институтын Экономист мамандығы бойынша үздік бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1981 жылы бастаған.

1981-1993 жылдары – «Қаратау» АҚ-ның электромонтері, шебері, электр жөндеу учаскесінің бастығы, цех бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары, кеніштің бас энергетигі, электрмен жабдықтау цехының бастығы, жылумен сумен жабдықтау басқармасының бастығы, бас энергетигі қызметтерін атқарды.

1993-1994 жылдары - Қаратау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары бірлестігінің бас директоры.

1994-1997 жылдары - Қаратау қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары, Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

1997-1999 жылдары - Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі.

1999-2002 жылдары - Атырау қаласының әкімі.

2002 жыл - "Каспийстройсервис" ЖШС президенті.

2002-2007 жылдары – «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» «КЕGОC» ААҚ вице-президенті.

2007-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар Вице-министрі.

2010-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Вице-министрі.

2011-2012 жылдары - «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

2012-2017 жылдары - Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2017-2021 жылдары – «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті, бірінші вице-президенті, бас директорының бірінші Орынбасары, Басқарма төрағасының орынбасары.

2021 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жетінші шақырылымының депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі.

«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астана» медальдарымен марапатталған.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі, ТМД еңбек сіңірген энергетигі, Украинаның құрметті энергетигі.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми кеңесінің" мүшесі»

«Отырып ойнау волейболы республикалық федерациясы» (Параволейбол) РҚБ президенті.


Жеке парағы