Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
ЕРТАЕВ Сырым Махамбетұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1982 жылы 22 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

2003 жылы М. Әуезов атындағы Мемлекеттік университетін «Кеден» мамандығы бойынша бітірген.

2016 жылы М. Әуезов атындағы Мемлекеттік университетінің «Экономика» мамандығын сырттай бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы жеке кәсіпкер болып бастады.

2011-2015 жылдары Қазығұрт аудандық мәслихатының V шақырылым депутаты болды.

2011-2017 жылдары «Қайып Ата», ЖШС- де директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2017-2021 жылдары «Қайып Ата», ЖШС- де директор болып жұмыс істеді.

2011-2021 жылдары «Жарас-KZ» ӨК-нің төрағасы қызметін қоса атқарды.

2017-2021 жылдары «Expert Group LTD» -нің директоры қызметін де қоса атқарды.

2021 жылы 15 қаңтардан бастап - VII шақырылымындағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

Ауыл шаруашылық саласында ведомстволық және басқа да марапаттары бар.

1.ҚР Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалі,

2. ҚР Президентінің «Алғыс хаты»,

3. ҚР Президентінің «Халық алғысы» медалі,

4. ҚР ауылшарушылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі,

5. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы,

6. Бірінші дәрежелі білікті басшы төсбелгісі,

7. Елбасының Алғыс хаты. «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда жалпыұлттық деңгейде тұңғыш рет өткен партияның сайлауалды іріктеуіне белсенді атсалысқаны үшін.

Үйленген. 3 қыз 2 ұл тәрбиелеп отыр.


Жеке парағы