Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
ҚҰЛАХМЕТОВ Ғазиз Зейнел-Ғабиденұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1999 жылы Алматы халықаралық журналистика институтын "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылы "МИФИ" (Мәскеу инженерлік-физикалық институты) "Ұлттық ядролық зерттеу университетін" Менеджмент мамандығы бойынша бітірді. Мемлекеттік емтихан комиссиясының шешімімен Магистр біліктілігі берілді.

2003 жылы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында ақпаратттық-сараптамалық талдау бағдарламары редакторы қызметінен бастаған.

2004-2005 жылдары - «Қазтрансойл» АҚ-ның Қоғаммен байланыс дирекциясының жетекші маманы.

2005 жылы "Азаттық" радиосы Жаңалықтар қызметінің тілшісі.

2006-2009 жылдары «Қазақстан» және «КТК» телеарналарының Қоғамдық - саяси және Ақпараттық-талдау бағдарламалар дирекциялалары директорының орынбасары.

2008-2009 жылдары «Астана» телеарнасының Ақпараттық-талдау бағдарламалар департаментінің срапшысы.

2010-2011 жылдары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасы орынбасарының баспасөз хатышысы, Қоғаммен байланыс департаментінің бас менеджері.

2010-2011 жылдары "Kazenergy" Қауымдастығының Имидждік саясат жөніндегі үйлестіру кеңесінің тең төрағасы.

2011-2012 жылдары «Бейнеу-Шымкент Газқұбыры» ЖШС-нің Қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі.

2012-2014 жылдары "Energy Focus" ЖШС директоры.

2014 жылдан 2016 жылға дейін «Қазатомпром» Ұлтттық атом компаниясының Басқарма төрағасының кеңесшісі, Қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры.

2016-2017 жылдары "Казатомпром-Даму" ЖШС Бас директорының даму мәселелері жөніндегі орынбасары.

2017-2020 жылдары "Заречное" Бірлескен кәсіпорын АҚ Бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары.

2020-2021 жылдары «Қаратау» ЖШС-нің Әкімшілік-шаруашылық басқармасының директоры.


Жеке парағы