Жеке парағыӨМІРҒАЛИ Ерлік Қайдарұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі 25.05.1979 жылы Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданы Краснофлотский кентінде туған.
Білімі - жоғары:
2000 ж. - Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (филологиялық бөлімі), Көкшетау қ.
2003 ж. - Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. (құқықтану), Қарағанды қ.
2014 ж. - Гуманитарлық-техникалық вкадемия (магистратура, экономика және бизнес), Көкшетау қ.
2018 ж. - РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (магистратура: мемлекеттік және жергілікті басқару (Мемлекеттік басқару қауіпсіздігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл), Мәскеу қ.
Жұмыс тәжірибесі:
2001-2002 жж - ҚР ҚК қатарындағы қызмет;
2002-2003 жж - Ақмола облысы Соттар әкімшісінің Көкшетау аумақтық учаскесінің сот орындаушысы;
2003-2004 жж - Ақмола облысы Астрахан ауданының сот шешімдерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы;
2004-2007 жж - Ақмола облысы Бұланды ауданының сот шешімдерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы;
2007-2008 жж. - "Би-Логистикс" АҚ директорының Ақмола облысы бойынша орынбасары;
2008-2010 жж. - "Астана Недвижимость" АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры;
2010 жылдан бастап "Алуа-Строй" ЖШС құрылтайшысы.
2019ж - Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі.
2021 жылдың қаңтарынан бастап – VII шақырылымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан "Ақ жол" демократиялық партиясы фракциясының мүшесі.
2014 ж. - "Шапағат" медалі, 2016 ж. - "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі мемлекеттік наградалармен марапатталды.