Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
СМЫШЛЯЕВА Екатерина Васильевна
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
Смышляева Екатерина 8 ақпан 1982 жылы Қостанай облысының Қостанай қаласында туды.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Химия, химия және биология пәні мұғалімі» мамандығы бойынша оқу бітірді, «Химия магистрі» дәрежесін алды.

Н. Некрасов атындағы Кострома мемлекеттік педагогикалық университетінде «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша аспирантура бітірді, педагогикалық ғалымдар кандидаты.

Еңбек жолын А.Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университетте химия пәні оқытушысы ретінде бастады.

2003 жылдан 2021 жылдары аралығында:

А.Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университетінің химия кафедрасының оқытушысы;

А.Байтұрсынов атындағы КМУ аграрлық-биологиялық институтының тәрбие жұмысы және қоғамдық келісім жөніндегі директордың орынбасары,

«Қостанай облысының ішкі саясат басқармасы» ММ жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы,

«Ровесник» Қостанай облыстық педагогикалық отряды» ҚБ төрайымы;

«Нұр Отан» ХДП Қостанай облыстық филиалы, идеологиялық және қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі; «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Республикалық қоғамдық бірлестігінің ҚФ жауапты хатшысы;

Қостанай облысы бойынша «Жас Отан» ЖҚ ҚҚ директоры;

Қостанай перинаталдық орталығы бас дәрігерінің маркетинг және HR жөніндегі орынбасары

«Қостанай облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы

Қостанай облыстық маслихатының V, VI шақырылымының депутаты.

2021 жылы «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды

ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен, «Белсенді қызметі үшін» медалімен марапатталды


Жеке парағы