Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
ОЖАЕВ Нұрлыбек Жұмахметұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Ожаев Нұрлыбек Жұмахметұлы 1964 жылы 3 шілдеде Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1986 жылы — Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша, 2010 жылы Хәлел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы «Ынталы» совхозында комбайнерлер бригадасының реттеуші-шебері болып бастаған, кейін Комсомол комитетінің босатылған хатшысының лауазымына сайланған.

•1988—1989 жылдары Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылында «Агротехника» кәсіпорнының инженері.

•1989—1991 жылдары Қазақстан ЛЖКО-ның Гурьев облысы, Махамбет аудандық комитеті ұйымдастыру-инспектор бөлімінің меңгерушісі.

•1992—1994 жылдары — Атырау облысы Махамбет аудандық Жастар ісі және спорт басқармасының бастығы.

•1994—2003 жылдары —Атырау обылысы, Махамбет ауданы әкімі аппаратының басшысы.

•2004—2005 жылдары — «Облыс жолдары» ӨМК директорының орынбасары. «Сарықамыс» поселкесі тұрғындарын көшіру жөніндегі жобаның жетекшісі.

•2005—2006 жылдары — Атырау қалалық мәслихаты аппаратының басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы.

•2006—2009 жылдары — Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы.

•2009—2013 жылдары Батыс Ескенеде «Аджип КСО» компаниясының (Италия) еңбек заңнамасы нормаларының орындалуын қамтамасыз ету және мердігер ұйым персоналын басқару мәселелері бойынша үйлестірушісі.

•2013—2014 жылдары — Атырау облысы, Исатай ауданының әкімі.

•2014—2016 жылдары — Атырау қаласының әкімі.

•2016-2021 жылдары — «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

•VI, VIІ сайланған Атырау облыстық мәслихатының депутаты.

•2021 жылдың 23 маусымынан бастап VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

•Атырау облысы Дзюдо федерациясының президенті.

•«Исатай батыр» қайырымдылық қорының директоры.

•«AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Фракциясының мүшесі.

Наградалары

Осы жылдар ішінде «Құрмет» орденімен (2017), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астана - 10 жыл» (2008), «Астана 20 жыл» (2018), «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына - 20 жыл» (2014), «Невада-Семей халықаралық ядролық сынаққа қарсы қозғалысына - 25 жыл» (2014), «ҚР ІІМ ТЖ комитетіне - 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының Конституциясына - 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне -25 жыл» (2017), «Благодарность городского головы» (Ресей Федерациясы, 2014), «Ұлы Отан соғысы Жеңісіне - 70 жыл» (2015), ҚР Ардагерлер кеңесінің «Құрмет белгісі» (2015), «Құрметті спорт ардагері» (2015) және басқа да медальдармен, БЛЖКО Орталық Комитетінің және Қазақстан ЛЖКО Орталық Комитетінің (1988) Құрмет грамоталарымен наградталған.

Спорттағы мансабы

Күрестен Қазақстанның екі дүркін чемпионы. 1985 жылы Қазақстан құрамасының құрамында болды, ҚР спорт шебері.

Отбасы жағдайы

Үйленген, 5 баласы және 5 немересі бар.


Жеке парағы