Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны


АЙТАЕВ Ренат Құрметжанұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы
1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында туған.

1998 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша, 2001 жылы - Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

1998-1999 жылдары – «Демал-Шығыс» ЖШС-тің экономика және қаржы жөніндегі директоры, Өскемен қ.

1999-2000 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Статистика басқармасының автоматтандырылған өңдеу,өнеркәсіптік кәсіпорындарды мониторингтеу бөлімдерінің бас маманы.

2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Талдау және болжамдау департаментінің жетекші, бас маманы, Астана қ.

2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кірістер және келісімшарттар департаментінің бөлім бастығы, Астана қ.

2003-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің басқарма бастығы, Астана қ.

2008 жылғы сәуір – маусым аралығында – «ГТСС» АҚ-ның бас маманы, Астана қ.

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақпараттық қамтамасыз ету департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры, Астана қ.

2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық-инновациялық дамуды салааралық үйлестіру департаментінің директоры, Астана қ.

2010 жылғы сәуір – маусым аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Индустриялық саясат департаментінің директоры, Астана қ.

2010-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі, Астана қ.

2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтан қ.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі, Нұр-Сұлтан қ.

2022 жылғы 4 ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы.

«Парасат» (2022), «Құрмет» (2013) ордендерімен, «Үздік мемлекеттік қызметші» МҚІА-ның төс белгісімен (2021), ҚР Президентінің Алғысымен (2021) және 6 мерекелік медальмен марапатталған.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.