Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны


МАМАШЕВА Индира Бейсембекқызы
Парламент Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары
1977 жылы Алматы қаласында туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «халықаралық қатынастар жөніндегі маман, екі тілді білетін елтанушы» мамандығы бойынша, 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

1998 жылғы сәуір – маусым аралығында – «Интерлюкс» Қазақстан-Жапон кәсіпорнының менеджері, Алматы қ.

1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі «Қазинвест» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының таныстырылымдар, халықаралық конференциялар және көрмелер өткізу бөлімінің 2-санаттағы менеджері, Алматы қ.

1999-2002 жылдары – «ҚазИнвестКонсалт» ЖШС-тың алдын ала баспа жұмысының аға менеджері, Алматы қ.

2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратында жедел еңбек шарты бойынша жұмыс, Астана қ.

2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпарат-талдау жұмысы бөлімінің бас сарапшысы, Астана қ.

2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпарат-талдау бөлімінің бас консультанты, Астана қ.

2009-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпарат - талдау бөлімінің меңгерушісі, Астана қ.

2013 жылғы шілде – қараша аралығында – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, Астана қ.

2013-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығының вице-президенті, Астана қ.

2017 жылғы ақпан – желтоқсан аралығында – Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары, Астана қ.

2017-2019 жылдары – «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі фракциясы Аппаратының Басшысы, Нұр-Сұлтан қ.

2019-2022 жылдары – Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қ.

2022 жылғы 4 ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары. «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.