Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны


КАЛЬЯНБЕКОВ Болат Серікұлы
Парламент Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары
1979 жылы Қарағанды облысының Саран қаласында туған. 2001 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «саясаттанушы - саясаттану пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша, 2017 жылы - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

2002-2003 жылдары – Қарағанды облысы Саран қалалық жұмыспен қамту орталығының еңбек нарығы және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жетекші маманы.

2003-2004 жылдары – Саран қаласы Мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм бөлімінің бас маманы.

2004 жылғы сәуір – қазан аралығында – Қарағанды облысы Ақпарат басқармасы Талдау және болжамдау бөлімінің бас маманы.

2004-2005 жылдары – Қарағанды облысы Ішкі саясат департаменті Ақпараттандыру саясаты мен БАҚ-пен жұмыс істеу бөлімінің бас маманы.

2005-2006 жылдары – Саран қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Мәдениет және жастар саясаты мәселелері бөлімінің бастығы.

2006 жылғы наурыз – мамыр аралығында – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы Электрондық бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөлімінің бас маманы.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы Электрондық бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөлімінің бастығы.

2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Бұқаралық ақпарат құралдары басқармасының, Ақпарат басқармасының бастығы.

2009 жылғы ақпан – қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің инспекторы.

2009-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің ақпараттық сала жөніндегі сектор меңгерушісі.

2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы.

2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Сотының аппараты) Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

2019 жылғы наурыз – шілде аралығында - «Almaty» Оңтүстік астана» Телерадиокомпаниясы АҚ-ның бас директоры.

2019-2022 жылдары – «Nur Media» ЖШС холдингінің бас директоры.

2022 жылғы 11 ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары.

«Құрмет» орденімен (2020), «Ерен еңбегі үшін» (2011), ҚР Жоғарғы Сотының 2 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» (2019) медальдарімен және «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальмен (2016) марапатталған. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.