АБДЕН
Қарақат
Жақсылыққызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
БҮГІН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ФОРУМЫ ӨТУДЕ

БҮГІН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Қызылорда облысының әкімшілігі ұйымдастырған "Анаға тағзым" республикалық форумына жұмыс бабына байланысты қатыса алмадым. Алайда, бұл маңызды шараға шынайы тілеулес екенімді жеткіземін. Форум аясында және кейін де атқарылатын ілкімді істерді әрқашан қолдаймын. Ана – ұлттың мұрагері ұрпақты тәрбиелейтін, отбасының ғана емес, ұлттың ұйытқысы болар ардақты тұлға. Қоғамдағы әйел-ананың мәртебесін, құрметін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттауды мақсат тұтқан республикалық «Анаға тағзым» форумының берер ғибраты зор. Форум жұмысына сәттілік тілеймін!

P.s. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өңірлік жетекшісі ретінде комиссия хатшылығының әкімшілікпен, ҰЕҰ-мен өзара байланысып, үйлестіру қызметін үлгілі атқаратынын ерекше атап өтемін. Qyzylorda.kz Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда Облысының Әкімдігі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Национальная комиссия по делам женщин и семейно-демографической политике Ауыл Партиясы