АМАНТАЙҰЛЫ
Жарқынбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Май ауданында "AMANAT" партиясы фракциясының филиалындағы әріптестермен және халықпен кездесу

Image title

Image title

Image title

Аймаққа жұмыс сапарымның аясында Май ауданына жолым түсті. Ең алдымен, жергілікті жұртшылықпен жүздесіп, өтініш-тілектерін тыңдадым.

Жасыратыны жоқ, біраз шешімін күткен мәселелердің куәсі болдық. Атап айтсақ, сапасыз салынған баспана, жайылым тапшылығы, полигоннан зардап шеккен халықтың соған сай статусының белгіленбеуі сияқты маңызды проблемалар айтылды.

Кей мәселелер сол жерде талқыланып, шешімін тапты. Жекелей тұрғындардың өтініші бойынша шағым түскен баспанаға да бас сұғып, мәселені өз көзіммен көрдім. Атап өтерлігі, жергілікті тұрғын, жалғыз басты ананың талап-тілегі орындалып, баспанасы көп ұзамай жөнделетін болды.

Жалпы, Май халқы өзекті сұрақтар қойды. Елдік мәселені қаузағандар да болды. Бұқара мен билік арасындағы байланысты әлі де нығайту қажет екені байқалады.

Алдағы уақытта ауқымды мәселелерді аудандық және облыстық мәслихат депутаттарымен сабақтаса отырып, тиісті деңгейде көтеруге уағдаластық.


Image title