Алматы облысындағы кезекті кездесу Еңбекшіқазақ ауданындағы Индустриалды колледж мұғалімдерімен өтті. 1 млрд 300 млн теңгені тиімді игерді деп осы мекеме туралы айтуға болады. Материалдық техникалық базасы өте бай, жатақханасы жайлы, мұғалімдері кәсіпқой педагогтар. 500 бала оқитын бұл орынның үш негізгі даты бар.
Түстен кейінгі жиын Фермеры Чилика деген кооператив мүшелерімен өтті. Осыдан бес жыл бұрын дүркіреп тұрған бірлестіктің жағдайы мүшкілдеп кетіпті. Проблеманың басы баяғы сол қаражат тапшылығы мен бірыңғай сату жүйесінің жоқтығы. Агробанк құру бойынша партиямыздың жұмысына оң баға беріп, әбден қуанған шаруалар үміт отының әлі де сөнбегенін жеткізді. Азық түліктік қауіпсіздік туралы заң жобамызды қолдаған фермерлер тұшымды ұсыныстарын жеткізді.
Партияластарыммен кездесу де нәтижелі болды. Парламенттегі жұмысымызға ризашылығын білдірген әріптестер бірқатар мәселелерді тілге тиек етіп, өтініш білдірді. Қуанғаным - аудандарда партия беделі біршама өсіпті. Ауылдың үні естіле бастағаны нақты факт!
Қоғамдық қабылдауды да сапалы өткіздік. Ұйғыр ауданы мен Есіктен келген азаматтардың проблемасы өте күрделі екен.