Балабиев
Қайрат
Рахымұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Түркістан облысына сапар

  Қ. Балабиев Түркістан облысына сапар аясында Отырар ауданына барып, аудандық мәслихаттың Фракция мүшелерімен жүздесті. Кездесуде Мәжілістің атқарған жұмысы туралы баяндады, сондай-ақ, қойылған сұрақтарға жауап берді.

  Депутат отырарлық жастармен кездесіп, «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды сайысына қатысушыларға сәттілік тіледі. Парламентте қабылданған заңдар мен күні кеше Президент лудоманияға қарсы заңға қол қойған заң туралы айтып берді.

  Сонымен бірге Қ. Балабиев «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының Қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.

  Қабылдауда Көксарай, Талапты сияқты өзге де ауылдарда спорт кешендері мен мәдениет үйлерін, бала-бақша салу сияқты мәселелер көтерілді.

  Сондай-ақ, қаржы ұйымдарынан жылжымайтын мүлкін кепілге қойып, несие алған, бірақ,  берешегін мерзімінен бұрын өтеп қойса да, құжаттарын қайтара алмай жүрген азаматтардың да шағымы тыңдалып, депутат оларға тиісті түсініктеме берді.

  Сол күні Қ. Балабиев Шәуілдір ауылында "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында салынып жатқан жайлы мектептің құрылысымен танысты. 600 орындық бұл мектептің жалпы құны – 5,5 млрд. тг.

  Мердігерлер мектепті мерзімінде тапсыратынына сендірді.