Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы Түркістан қаласында өтті.
Құрылтайға қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ басшылары және сарапшылар арнайы қатысты.
16 маусым күні Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы аясында жұмыс секцияларының отырысы ұйымдастырылды. Онда «Қоғамдық консолидация», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым» жұмыс секциясына бөлінген сала мамандары ел ішіндегі мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын атады.
Ұлттық құрылтайдың бірінші басқосуы бір жыл бұрын Ұлытау облысында өтті.