2023 жылғы 18 мамырда Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-да көшпелі отырысын өткізді. Комитет депутаттарына байланыс орталығының, ахуалдық орталықтың және Қаржы министрлігінің басқа да IT жобаларының жұмысы таныстырылды. Сонымен қатар, кездесу барысында Қаржы вице-министрі Э. Қазғанбаев отырысқа қатысушыларға «Е-Salyq-Azamat», «E-Salyq-Business» сияқты министрлік іске асырып жатқан жобалар және мемлекеттік сатып алу порталы туралы айтып берді.