"AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары," AMANAT " партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Еркешбаев партияның аудандық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар жолдарды жөндеу, су алу, ауыз су, елді мекендерден дәрігерлік амбулаториялар салу, балалардың жазғы демалыс лагерлерін салу мәселелерін көтерді.