2023 жылы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде М.Т. Такиевтін төрағалығымен Қаржы және бюджет комитетінің «Жаңа Салық кодексінің жобасы туралы» кеңейтілген тақырыптық отырысы өтті. Бұл шараны өткізудің мақсаты – алдын-ала жаңа Салық Кодексі жобасының әзірленуі барысымен, Үкіметтің, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкілдің негізгі ұсыныстарымен танысу және жаңа ұсыныстар мен тәсілдерді Мәжіліс депутаттарымен талқылау болды.