2023 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде М.Т. Такиевтін төрағалығымен Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, онда «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің» жобасына және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құрылыс саласын жетілдіру және тұрғын үй құрылысында үлестік қатысуды мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары бойынша Комитеттің қорытындылары талқыланды. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысына да Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі А.К. Әмрин, және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Т.М. Савельева, С.Б. Мусабаев баяндама жасады.