2023 жылы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде М.Т. Такиевтін төрағалығымен Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым), «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы», «Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобаларының қорытындылары талқыланды. Комитет отырысынада Қаржы вице-министрлері Д.О. Темірбеков, Д.К. Кеңбеил, және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.Т. Бейсенғалиев, Т.М. Савельева, Н.С. Сайлаубай, Е.А. Әбіл баяндама жасады. Талқылау қорытындылары бойынша Комитет жоғарыда аталған заң жобалары бойынша Комитеттің қорытындыларымен келісу туралы шешім қабылдады.