Мәжіліс депутаттары Әзірбайжан Президентінің кезектен тыс сайлауына байқаушы ретінде қатысты. Бакуде Әзербайжан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Олардың дайындығы мен өткізілуіне мониторинг жүргізетін бақылаушылар құрамына Мәжіліс депутаттары Мағеррам Мағеррамов, Юлия Кучинская, Абзал Құспан және Айдос Сарым қатысты.Депутаттар атап өткендей, бүгінде Қазақстан-Әзірбайжан екіжақты қарым-қатынастардың күн тәртібі мемлекетаралық өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша: парламентаралық, үкіметаралық және халықаралық деңгейлерде толықтырылады. Екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыты сауда-экономикалық сала болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық саладағы кооперация перспективалы болып көрінеді.