2023 жылғы «20» қыркүйекте жарияланды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсенбаева Г. Б.
|
|
|
|
Құрметті Гани Бектайұлы!
|
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Қызылорда облысында жұмыс жасап жатқан 669мектепке дейінгіұйымда 58 599 бала тәрбиеленуде. Осы 669 ұйымның 162 мемлекеттік, 423 жеке және 84 шағын орталықтар.
Елімізде 2021 жылдан бастап балабақшаларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің жан басына қаржыландыру әдістемесі бойынша жүргізіледі. Бұл әдістеме бойынша қаржыландырудың жеткіліксіздігінің басты себебі «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің. 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығың талаптарына сәйке барлық мемлекеттік білім беру ұйымдарының штат бірліктерінің толық болуы тәртібіне байланысты қалыптасып отыр.
Аталған бұйрыққа сәйкес барлық мемлекеттік білім беру ұйымдары жобалық қуатына қарамастан бір топта 2 тәрбиеші және 2 бала күтушісін ұстау қажет. Сонда мемлекеттік білім беру ұйымдары топта 30 бала болсада, 10 бала болсада, 2 тәрбиші және 2 бала күтушісін ұстау міндетті. Көріп отырғанымыздай баланың саны аз болсада, көп болса да, шығыстардың саны бірдей, ал, мемлекеттен қаржыландырудың мөлшері екі түрлі. Сол себептен, жобалық қуаты 25-90 орындық мемлекеттік балабақшаларды жан басына қаржыландыру әдістеме бойынша қаржыландыру кезінде, бөлінген қаражат балабақшаны күтіп-ұстауға арналған шығыстарды жабуға жетпейді.
Ал, жекеменшік балабақшаларда штат бірліктеріне қойылатын ешқандай шектеулер жоқ, олар 1 тәрбиеші мен 1 бала күтушісін ұстап, жұмыс жасай алады. Тіпті электрик, сантехник, тазалаушы т.б. жұмысшылардың жұмысын сырттай (аутсорсинг) арқылы пайдалана алады.
Мысал келтірсек облыстағы «Балдәурен» балабақшасына жан басына қаржыландыру әдістемесі бойынша 5.6 миллион тенге беріледі. Балабақша жалақыға мемлекеттік тапсырыстан 70-80% (қызметкерлердің өтіліне байланысты) жұмсалатынын ескерсек, «Балдәурен» балабақшасы жалақыға 4.5 млн теңге жұмсап отыр, коммуналдық қызметтерге 1,3 млн теңге, дизель отынына 1.8 млн теңге және басқа да қызметтерге 1.2 млн теңге, барлығы 8.8 млн теңге жұмсайды. Сонымен айына қосымша 3.2 миллион теңге, жылына 38.4 миллион теңге қажет. Балабақшаларда қалыптасқан берешектерді жергілікті бюджет есебінен толықтырылып отыр.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығың балабақшаларды үлгілік штаттық бірліктермен жасақтау бөлігінде сәйкесінше өзгерістер енгізу қажет.
Сондай-ақ, дизель отынын сатып алуға жұмсалатын шығыстар бойынша қосымша коэффициентті ескеру қажет (облыстың балабақшаларының 60% дизель отынымен жылытылады. Дизель отынының бағасы 270 тенге 1 литрға. Мысалы, қуаты 100 орындық балабақша 1 айға орта есеппен 4-5 млн теңгеге қаржыландырылады. Оның ішінде дизель отынына 2-3 млн теңге жұмсайды, дизель отынынан басқа, жалақы, салықтар, коммуналдық қызметтер, тамақтану сияқты басқа да шығындары бар. (Бұл шығыстар, шығыстарда есепке алынбайды, дегенмен еліміздің заңнамасына сәйкес мемлекет есебінен есепке алынуы тиіс).
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, көтеріп отырған мәселелерді жан-жақты зертеп, мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландырудың қолданыстағы әдістемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді сұраймын.
Құрметпен,
Парламент Мәжілісінің Депутаты
Қазақстан Республикасы
"AMANAT" фракциясының мүшесі М. Ергешбаев