Ескендіров
Мұқаш
Зұлқарнайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің

Депутатқа хат
Экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің бірінші отырысы

Күндізгі 16:00-де өткен Экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің бірінші отырысының Күн тәртібінде келесі екі мәселе қаралды:

1.
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысын сайлау

2. Келіп түскен заң жобаларын Комитет мүшелері арасында бөлу

Талқылаудың қорытындысы бойынша депутат Ескендировқа келесі Заң жобалары бойынша Қорытынды әзірлеу тапсырылды:

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткінің, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналамына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашысы депутаттар);

- «1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» (Әзірлеуші орган ҚР Әділет министрлігі);

- «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы»  (Әзірлеуші орган - ҚР Қаржы министрлігі);

Сондай-ақ, «Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» (Әзірлеуші орган - ҚР Ұлттық экономика министрлігі) (бас Комитет) заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып бекітілді.