11.10.2023. Бүгін Мемлекет басшысы Азия ойындарының жүлдегерлерін қабылдап, спортшыларды құттықтады.
Азиада ойындарында біздің елдің құрамасы 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль иеленіп,11-ші орынға табан тірегенін. Нысана көздеу, ескек есу, веложарыс, джиу-джитсу спортынан үздік шығып, каратэден жалпы командалық есепте бірінші орын алғандарын атады. Дегенмен, «Еліміздің жалпы көрсеткіші бұдан да жақсы болуы мүмкін еді. Барлық спорт түрі бойынша кеткен қателіктерді түзету үшін ауқымды жұмыс атқару қажет, – деді Президент.
Иә, расында, бұл көрсеткіштер спорт мамандары мен жанкүйерлерінің көңілінен шықпай отыр. Басым бағыттағы бокс және күрес түрлерінен ойдағыдай нәтиже болмады. Ең көп жүлделер сарапқа салынатын - жеңіл атлетика мен жүзуден бас жүлде жоқ. Ауыр атлетикадан көрсеткішіміз нашар.
Негізі, қазіргі уақытта спортқа мемлекет тарапынан өте үлкен қаражат бөлінуде. Бірақ жетістігіміз ойдағыдай емес.
Спорт - Еліміздің мәртебесін халықаралық аренада көрсетеді!
Сол себептен спорт саласына үлкен өзгерістер енгізу керек деп ойлаймын.
2021 жылы Токио Олимпиадасындағыдай, қалың топтың арасында қалып қоймай. Алдымыздағы Париж олимпиадасында, топ жарып шығу жолында жұмыс жасау қажет.