26.09.2023. Бүгінгі комитеттің отырысындағы «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланды. Аталған заң жобасы бойынша Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов баяндама жасады. Келісімге Ташкент қаласында өткен жылдың 22 желтоқсанында қол қойылған. Енді бұл келісім ратификацияланған жағдайда Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының бір бірінің аумақтарында 30 тәулік ішінде уақытша есепке тұрмай ақ болуына мүмкіншілік туындайды. Бұл екі елдің арасындағы қатынастарды нығайтуға жақсы мүмкіндік.