Мәмбетов
Еркебұлан
Нұрмағамбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Депутат Е.Мәмбетов "AMANAT" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдады

Депутат Е.Мәмбетов "AMANAT" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдады. Тұрғындар жер учаскелеріне, дәрігерлердің қателігіне қатысты мәселелер бойынша шағымдарын айтып келді.Сонымен бірге мал шаруашылығын жүргізу үшін мемлекеттік гранттың бөлінуіне көмек сұрағандары да бар. Бір кісілер шаруа қожалығынан мүшеліктен шығарылғаны жөнінде арыздарымен жүгінді. Осы қабылдау қоғамда әлі шешімін таппай келе жатқан мәселелер бар екенін көрсетті."Құлақ асатын мемлекет" қағидасын ұстану қажет. Депутат азаматтардың мәселелерін шешу үшін шағым-өтініштерін тиісті мемлекеттік органдарға жолдады..