С.Егізбаев, Е.Мәмбетов, А.Қожаназаров, И.Сұнқар және Ғ.Елеуов Мәжіліс депутаттары Шымкент қаласының жанында орналасқан "Аделя" шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Жылыжай кешені 16 га алаңында орналасқан. Жаңа технология арқылы жылына 6000 тонна көкөніс өнімі өндіріледі.Кездесу барысында шаруа қожалығының басшылары өндіріске қатысты бірнеше мәселелерді көтерді, оның ішінде жылыжай шаруашылықтарына мемлекеттік қолдау көрсету керектігін алға тартты.