Мәмбетов
Еркебұлан
Нұрмағамбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
С. Егізбаев, Е. Мамбетов, А. Қожаназаров, и. Сұңқар депутаттары Түркістан облысында табиғи алма шырынын өндіс орнына барды

С.Егізбаев, Е.Мәмбетов, А.Қожаназаров, И.Сұнқар депутаттары Түркістан облысы Сайрам ауданындағы "DALA-FRUIT.KZ" ЖШС-не жол түсті. Серіктестік қарқынды өнеркәсіптік бақ өсірумен және табиғи алма шырының шығаруымен айналысады.
Шаруашылықта 125 га жерге алма бауы отырғызылған. Көшеттер Италиядан және Түркиядан әкелінген.Жобаның құны 2485,0 млн.теңге. Көкөніс пен жеміс-жидек сақтайтын сиымдылығы 15,2 мың тонналық заманауи қойма іске қосылды. Қойма құрылысына "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының субсидиялау бағыты аясында 200,0 млн.теңге қолдау алған. Кәсіпорында қайта өңдеу арқылы табиғи алма шырының шығару желісі іске қосылған.
Жылына 3000 тонна алма өндіріледі.21 адам жұмыс жасайды, маусымдық жұмыстарға 70 адамға дейін жұмысшылар тартылады.