Мәмбетов
Еркебұлан
Нұрмағамбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Мәжіліс депутаттары Ақмола облысы Шортанды ауданының астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдарымен кездесуге келді.

Мәжіліс депутаттары Е. Мәмбетов, А.Қожаназаров, Д. Қасқарауов Ақмола облысы Шортанды ауданының Научный кентіне А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдарымен кездесуге келді. Ғылыми-өндірістік алқаптарды аралап, егіс науқанының барысымен танысты. Сондай-ақ, ғалымдардың шығарған сорттар көрмесін тамашалап, ғылыми-өндірістік орталықтың зертханасының жұмысымен танысты.
Қазіргі уақытта ғылыми-өндірістік орталық ауыл шаруашылығы өсімдіктерін селекциясы, топырақты бағалау, топырақ құнарлылығын басқару және т. б. бойынша қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Кездесу барысында ғалымдар зерттеу жүргізу үшін шешілмеген мәселелерімен бөлісті, мысалы, ауыл шаруашылығы техникасының, зертханалық жабдықтың жетіспеушілігі, материалдық-техникалық базаны жақсарту және т. б.