Мәмбетов
Еркебұлан
Нұрмағамбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Депутат Е.Мәмбетов сайлаушылармен кездесу үшін Солтүстік Қазақстан облысына келді

 Солтүстік Қазақстан облысына сапары аясында сайлаушылармен кездесу үшін депутат Еркебұлан МәмбетовТайынша ауданының Красная Поляна ауылында " Зеленые луга" ЖШС сүт-тауар фермасының қызметкерлерімен кездесті. Кәсіпорынның қызметі туралы кездейсоқ әңгіме болды.

Бүгінгі та4да фермада 71 адам жұмыс істейді, ферманың жобалық қуаты жылына 3,6 мың тонна сүтті құрайды. Фермада 650 ірі қара, оның ішінде 350 сауын сиыр бар. Бір сиырдан жылына орташа 9443 кг сүт алынып, Көкшетау қаласындағы "Садовое" сүт зауытына тапсырылады.

Серіктестік 2022 жылы мемлекеттен 74,7 млн.теңге субсидия алған, сондай-ақ 22,5 млн. теңге мөлшерінде салық төлеген.

Шаруашылық ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етілген, 9 трактор және екі комбайн жұмыс жасайды.

Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында жеке аулалардан сүтті сатып алу бағасының 10 теңгеге төмендетілуі және жолды асфальттау мәселелері көтерілді.