Депутат Еркебұлан Мәмбетов Тайынша ауданында Теңдік ауылының тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар ауылдың айналасындағы жайылымдарды жақсарту мәселесін көтерді.
Сондай-ақ, Еркебұлан Нұрмағамбетұлы "AMANAT"партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде жасалып жатқан Теңдік орта мектебінің күрделі жөндеу барысымен танысты. Қаржыландырудың жалпы сомасы 84,04 млн. теңгені құрайды. Жөндеу мерзімі-4 ай, бүгінгі күні жөндеу 32% орындалды.
Сапалы білім беру үшін жағдай жасау және білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету "AMANAT" партиясының басым міндеті болып табылады.