Тайынша қаласында депутат Е.Мәмбетов "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша жол картасы аясында 600 орындық №1 орта мектеп құрылысының барысымен танысты. Жобаның құны 2,6 млрд. теңгені құрайды, аяқталу мерзімі-2023 жылғы 31 желтоқсан. Бүгінгі таңда нысанда 43 құрылысшы жұмыс жасап келеді.
Сонымен қатар, депутат жабық хоккей корты құрылысының барысымен танысты.
Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту-қоғамды дамытудың маңызды стратегиялық міндеті. Өмір сапасы-бұл адамның әл-ауқатының көрсеткіші. Қолжетімді білім беру, сапалы медициналық қызмет көрсету, халықтың бос уақытын жақсарту, мәдени құндылықтарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, халықты бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға тарту үшін жағдай жасау арқылы бұл көрсеткішті арттыруға қол жеткізуге болады.