Депутат Е.Мәмбетов Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданына келді. Ол Қызылту ауылының тұрғындарымен кездесіп, орта мектептің күрделі жөндеу барысымен танысты.
Ленинград ауылының тұрғындарымен кездесуде Еркебұлан Нұрмағамбетұлы қатысушыларды ҚР Парламенті Мәжілісінің 1 сессиядағы заң шығару қызметінің нәтижелері туралы таныстырды. Сонымен қатар, ауылдың дәрігерлік амбулаториясына барып, күрделі жөндеу барысын көріп қайтты. Амбулатория ғимараты 1985 жылы салынған. Күрделі жөндеуге 52 млн. теңге бөлінді.
Депутат Ақжар ауданындағы кездесулерді Талшық ауылына барумен аяқтады. Онда хоккей кортының құрылыс жұмыстарымен танысып өттім.