Мәмбетов
Еркебұлан
Нұрмағамбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Депутат Е.Мәмбетовтың Уәлиханов ауданына жолы түсті

Депутат Е.Мәмбетовтың Уәлиханов ауданына жолы түсті. Ол Кішкенекөл ауылындағы "Жолдасбай Агро" шаруа қожалығының сүт-тауар фермасының құрылысымен танысты. Жоба қуаттылығы 1224 бас ірі қара, жылына 6000 тонна сүт өндірісін құрайды. Жобаның сметалық құны-5,2 млрд.тенге.

Бүгінгі таңда "Жолдасбай Агро " қожалығы Уәлиханов ауданында ең ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бірі болып саналады. Депутат еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келе жатқан шаруа қожалығы қызметкерлері мен жұмысшыларына өз алғысын білдіре отырып, табыс тіледі.

Әрі қарай, депутат ауылдағы емхана құрылысымен танысты.Өкінішке орай, бірнеше себептермен құрылыс кестесі бұзылып, жұмыстар баяу жүруде. Мәселелерді талқыланып, Еркебұлан Нұрмағамбетұлы олардың шешілуіне ықпал жасауға дайын екенін айтты.