Мәмбетов
Еркебұлан
Нұрмағамбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Депутат Е. Мәмбетов Мемлекет басшысының Еуразиялық экономикалық форумда айтылған сөздерін қолдады

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі "Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" тақырыбындағы Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарына және одақты дамытудың жаңа басымдықтарын айқындаудың қажеттілігі мен орындылығына тоқталды, "жаңа жаһандық логистиканың" негізгі элементі ретінде "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізін дамытудың маңыздылығын атап өтті, Мемлекет басшысы форум қатысушыларына өткен аптада ҚХР-ға мемлекеттік сапармен барғанын, сапар аясында Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистикалық орталығының іргетасын қалағанын жеткізді. Бұл порт Орталық Азияға, Еуропаға, Түркияға және Иранға тікелей контейнер пойыздарын жөнелтетін негізгі хабқа айналатыны сөзсіз.
Маған-Аграрлық комитет Мәжілісінің депутаты ретінде соңғы уақытта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мемлекеттік қолдау шаралары, өнім экспорты кезіндегі шектеулер, кедендік баждардың белгіленген ставкалары және т. б. бойынша ЕАЭО шеңберіндегі теңдіктің сақталмауы мен кедергілерге қатысты жиі жүгінеді. Кеше бұл мәселелер Мемлекет басшысының сөзінде көрініс тапты: - " Менің ойымша, үнемі туындайтын өзара кедергілер мен шектеулердің көптеген фактілерін келтірудің қажеті жоқ. Жұмсақ инфрақұрылымды құруға, яғни цифрландыруға, кедендік әкімшілендіруді жеңілдетуге және әкімшілік жүктемені азайтуға ерекше назар аудару аса маңызды"
«Экономикалық интеграцияның жетістігі стратегиялар, келісімдер және шешімдердің санымен емес, керісінше, жаңа өндірістер, технологиялар және жұмыс орындарымен бағаланады. 2015 жылғы шартта жазылғандай, біз үшін ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие»– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.